НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ АРАНДАТУШЫЛАР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ
Кеше Ақордада Қауіпсіздік Кеңесін өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы террорлық актіге қатысты арандатушылар қатаң жазаланады деп ескертті, - деп жазады «Қазақпарат».
«Халықты тұрақты түрде ақпараттандырып отыру керек. Себебі, қазір алып-қашпа әңгіме тарап кетеді. Сондықтан, арандатушыларды, жалған, арандатуға бастайтын өсек-аяң тарату фактілерінің алдын алу керек. Мен мәлім етемін, осындай қиын кезде Интернет арқылы, желі арқылы арандатуға бастаған, өтірік ақпарат таратқандарды қатаң жазалаймыз», - деді Елбасы Н.Назарбаев.
«Францияда бір адам жүк көлігімен қаншама адамды басып өлтірді. Түркиядағы жағдай бар. Қазір жағдайды ушықтырғысы келетіндер табылады. Сондықтан, Қазақстанның ақпараттық кеңістігі өз көзқарасын таныта білу керек», - деп атап өтті Президент.