ЛАГЕРЬДЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
17 шілдеде облыстық ішкі саясат басқармасы және «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сырдария» жазғы лагеріндегі оқушылар мен мұғалімдерге «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.
Сайысқа «Жастар», «Жас Өркен», «Қыран», «Атамекен» топтары қатысты. Сайыс «Полиглот», «Қызықты математика», «Оратор», «Білімді мыңды жығады» төрт бөлімнен тұрды. Қатысушылар өздерінің жыл бойы алған білімдерін ортаға салып, қызу сайыс өтті.
Шара қорытындысы бойынша «Ең үздік топ» деп «Жастар» тобы жеңіп алса, «Тілмаш» номинациясын «Жас Өркен» тобы жеңіп алды. «Үздік оратор» номинациясын «Қыран» тобы, «Үздік математик» номинациясын «Атамекен» тобы марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.