ЕЛІМІЗДЕ А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІМЕН СЫРҚАТТАНУ 308,5 ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕГЕН
Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында А вирустық гепатитімен сырқаттану 308 еседен астамға төмендеді, - деп хабарлады Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кең көлемді вакциналау, судың сапасын жақсарту мен азаматтардың санитарлық сауаттылығын арттырудың нәтижесінде соңғы 25 жылда Қазақстанда балалар арасындағы А вирустық гепатитімен сырқаттану 308,5 есеге төмендеді. 2015 жылы 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы А гепатитімен сырқаттанудың 140 жағдайы (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 3,08) тіркелді. 1991 жылы бұл көрсеткіш 43201 (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 807) болды. Сонымен қатар, 2015 жылы ересек тұрғындар арасындағы А гепатитімен сырқаттанудың 358 жағдайы (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 2,07) тіркелсе, 1991 жылы 55662 жағдай (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 331,1) тіркелген болатын. А гепатиті (Боткин ауруы) – А вирустық гепатитінен туындайтын бауырдың жіті жұқпалы ауруы.
Бұл негізінен жұқпалы ауруға шалдықпаған (немесе вакциналанбаған) адам ауруды жұқтырған адамның фекалийімен ластанған азық-түлік пен суды қолданған уақытта жұғады. Ауру қауіпсіз судың болмауымен, санитарлық жағдайдың және жеке гигиенаның сақталмауымен тығыз байланысты. Көп жағдайда А гепатитін қолдарын таза ұстамайтын балалар жұқтырады. Сондықтан гепатиттің бұл түрін «жуылмаған қол ауруы» деп атайды. Инкубациялық кезең орта есеппен 35 күн болып саналады (7-50 күн аралығы). 99% жағдайда адамдар сауығып кетеді, дегенмен 1%-дық жағдай өліммен аяқталуы мүмкін. Асқыну жағдайы ересектерге тән, вирустық және вирустық емес этиологиясы бар бауыр ауруларының кез келген түрімен ауыратын адамдарда кездеседі.
Ауруды жұқтырып алмау үшін жеке гигиена тәртіптерін сақтау керек, тек таза су ішіп, жеміс-жидектер мен көкөністерді қайнатылған сумен жуу шарт. Сонымен қатар, аурудың алдын алу мақсатында иммундау қолданылады. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша А вирустық гепатитіне қарсы вакциналау ауру көрсеткіші жоғары аймақтардағы балаларға жергілікті атқарушы орган қаражатының есебінен жүргізіледі.