ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы Ә.Досаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп жазады партия сайты.
Халықтың көбі жер телімдерінің кезектерін анықтау, қазық қағып, құжаттарын заңдастыру мәселелерін қозғады. Қала тұрғыны Айдулла Қамысбаев 2005 жылы 12 желтоқсанда жер кезегіне тіркелгенін, енді оны қашан алатынын сұрады. Оған қалалық жер қатынастары бөлімінен уақытын нақтылау керектігі айтылды.
Меруерт Сейітмұратова жер телімінің құжаттарын заңдастыруға көмек сұраса, Жақсылық Өтегенов қазық қағып және жердің мемлекеттік актісінің көшірмесі арқылы көк қағаз алу жолдарын сұрады.