ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ 250 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕПОЗИТ ИЕГЕРЛЕРІНЕ ӨТЕМАҚЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТРАНШЫН АУДАРДЫ
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 250 мыңға жуық депозит иегерлеріне өтемақының алғашқы траншын аударды, деп хабарлады ТҚЖБ «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында.
«19,2% пайыз көлеміндегі өтемақының алғашқы траншы қазіргі уақытқа дейін 250 мыңға жуық депозит иегерлеріне аударылды. Қалған 70 мыңға жуық салымның өтемақылары тамыздың 1-іне дейін төленбек. Ал 16,3% көлеміндегі өтемақының екінші траншын банк клиенттері 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін алады», - деп атап өтті банктің баспасөз қызметі.
Еске сала кететін жайт, ұлттық валюта бағамы түзетілген соң былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке Тұрғын үй құрылыс жинақ салымшыларының жинағын сақтап қалудың арнайы тетіктерін әзірлеуге тапсырма берген болатын. Осыған орай, былтырғы жылдың соңында Қаржы министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Инвестициялар және даму министрлігімен, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкімен бірлесе отырып, «Бәйтерек» басқарушы холдингі өтемақы төлеудің механизмін әзірлеген еді. Нәтижесінде, салымның 35,5% көлемінде өтемақы белгіленді.