МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ БАСҚАРМАСЫ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына 2016 жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу (бастау) туралы 88 хабарлама түскен. Оның 76-сы – жаңа құрылысқа, 12-сі – қайта жаңғырту жұмыстарына.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде басқарма басшысы Қанат Мыңбаев жыл басынан бері жүргізілген тексерулер нәтижесімен де таныстырды Тексерулер бойынша 36 нұсқама берілді. 48 қабылдау актісі тіркелсе, оның 15-і – бюджет есебінен. 49 әкімшілік іс қаралған. Барлық салынған әкімшілік айыппұлдың көлемі – 10817100 теңге.
Әкімшілік іс өндірісін қарау үшін сотқа 45 іс жолданды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-тің 319-бабы (заңсыз құрылыс) - 5, 462 бабы 3-тармағы – 1, 463 бабы 1 тармағы (құрылыс қызметімен рұқсатсыз, лицензиясыз, бiлiктiлiк аттестатсыз айналысу) бойынша – 39. Сотқа жолданған 45 іс бойынша 3170895 теңге айыппұл салынды. Барлық салынған әкімшілік айыппұлдың көлемі –13987995 теңге.
- Басқармаға 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында эксперттік қызметпен айналысуға 356 арыз түсті. Барлығы комиссия отырысында қаралып, 279-і тестілеуге жіберілді, 176 өтініш иесі тесттен өтіп аттестат алды. 40-і тесттен өте алмады. Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 77 өтініш бойынша тестілеуге жіберілмеді, 25-і тестілеуге келмеді. 38 арыз қаралуда, - деді басқарма басшысы.