ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ АЛТЫ АЙЛЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облыстық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін іске асырудың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңес жұмысына Жоғарғы Сот судьясы, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Әділ Құрықбаев, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков, облыс судьялары қатысты. Н.Қайырбеков өз баяндамасында облыс соттары жұмыстарының негізгі статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды.
Жиын барысында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы алқа төрағалары Ержан Қарабаев пен Қайрат Адрановтың есептері тыңдалды.
Олардың ақпаратына сәйкес 2016 жылдың 6 айында жергілікті соттарға 912 қылмыстық іс түсіп, өткен жылдан қалған істердің саны 86-ны құрады. 2015 жылдың 6 айымен (2015 ж. 6 айда - 833 іс 930 адам бойынша қаралған), салыстырғанда қаралған істердің саны 52 іске артқан.
Осы аралықта 368 адамға қатысты 309 іс өндірістен қысқартылған. 2016 жылы 6 айда теріс қылық жасаған 195 адамға (2015 жыл 6 ай - 159) жаза қолданылған.
2016 жылдың 6 айында азаматтық істер бойынша аудандық және оған теңестірілген соттарының өндірісіне 10 987 талап арыз (арыз, шағым), 145 істі құрады. Өткен жылмен салыстырғанда арыздар 405-ке азайған.
2016 жылдың 6 айында аудандық және оған теңестірілген соттарға қалған істерді қосқанда 6 405 әкімшілік іс түскен (2015 ж. 6 айы – 9 780 іс), өткен жылмен салыстырғанда 3 375 іске кеміген.
Есепті кезеңде барлық қаралған істер бойынша қабылданған сот актілерінің 94,6 пайызына (2015 ж. 6 айы – 93,1) апелляциялық шағым немесе наразылық келтірілмеген.
Медиация тәртібімен 156 қылмыстық және 174 азаматтық іс қаралған.
Жоғарғы Сотының судьясы Ә.Құрықбаев Ұлт Жоспары аясында сот жүйесінде атқарылған іс-шаралар, судьялардың біліктілігін арттыру, судьялық лауазымға іріктеу мәселелері, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру рәсімдері, судьялардың Әдеп кодексі жобасында судьяларға қойылатын талаптың қатаңдатылғандығы туралы айтып, «Медиация туралы» Заңын судьялар тиісті деңгейде қолданбай жатқандығын айтты.
«Қоғамның назары сот төрелігін жүзеге асырушы судьяларда, судья әділ, жан-жақты, ұстамды болуы тиіс», - деді Ә.Құрықбаев.
Кеңес барысында судья әдебі жөніндегі комиссияның атқарған жұмысы туралы комиссия төрағасы Б.Қалымбет, оқу орталығының жұмысы туралы облыстық сот судьясы К.Қаниева, сот имиджін арттыру, құқықтық насихаттау және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судья А.Наримов баяндама жасады.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың сот жұмысын ұйымдастырудағы жүргізілген рейтингі арнайы слайд арқылы ұсынылды.
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков сот төрелігін сапалы және жедел жүзеге асыру, судьялардың кәсіби деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу іс-шараларын жалғастыруды атап көрсетіп, алдағы атқарылатын жұмыстар мен тапсырмаларды айқындады.
Отырыс соңында Ә.Құрықбаев Қызылорда облысының жергілікті соттарына басшылық лауазымына үміткерлермен әңгімелесу өткізді.
Әділ Құрықбаев тәртіптік-біліктілік алқасының өкілеттігі мен судьялардың біліктілігін арттыру туралы айтты.
«Судьяларға қойылатын талаптар қатаңдатылды. Кәсіби біліктілігін анықтау емтиханын тапсыру барысында қосымша ситуациялық және психологиялық тестілеу жүйесі енгізілді, үміткерлер негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан, ал жаңадан тағайындалған судьялар жылдық бейімделу кезеңін өтеді. Үміткерлердің ұсынымдары ашықтық негізде соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңеспен бірігіп облыстық соттың жалпы отырысында қаралады», - деді ол.
Әділ Құрықбаев осы үміткерлердің әрқайсысымен жеке әңгіме жүргізіп, үміткерлердің өмірбаяндарымен және еңбек жолдарымен танысты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі