МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ – ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Достық үйінде болып, этномәдени бірлестіктер, ғылыми-сарапшылық топ, аналар кеңесі, облыстық, қалалық қоғамдық келісім кеңестері, журналистер клубының өкілдерімен кездесті.
Наталья Жұмаділдаева әлеуметтік мәселелерге шолу жасап, Ассамблея атынан сайланған депутаттардың алғашқы сессия қорытындысы бойынша атқарған жұмыстарына тоқталды. Елбасы бастамасымен құрылған Ассамблея бүгінгі таңда беделді де ықпалды, сөзі өтімді бірегей ұйымға айналды. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің қабылдануы ерекше оқиға болды. Оның орындалуы – басты назарда. Бұл үшін үнемі мониторинг жасап, қажетті іс-шараларды ұйымдастырудың маңызы зор. Ел бірлігін арттыру жолында, ең бастысы, Ассамблея мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану керек.
Кездесуде білім, медицина, туризм салалары, «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру бағытындағы өзекті мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлер көтеріліп, халық қалаулысы бұларды Парламент құзыреттілігінде назарға алып, қажетті шаралар қабылдайтынын жеткізді.