ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
Кеше Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешовтің төрағалығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, облыстық прокуратураның жанындағы консультативтік кеңес мүшелері қатысты. Кеңес барысында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту жөніндегі шаралар, құқық қолданушылық тәжірибесінің проблемалары, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнаманы жетілдіру перспективалары талқыланды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ауыр әлеуметтік салдары бар проблема. Зорлық-зомбылық өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Статистика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалар зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлар да аз емес.
Кейінгі жылдар ішінде елімізде осы саладағы заңдылықты нығайту бойынша заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заң қабылданды. Бұл заң зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды және отбасылық жанжалшыларға қатысты қылмыстық-процестік мәжбүрлеуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Соның арқасында отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың азаю динамикасына қол жеткізу мүмкін болды.
Алайда бұл проблема әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып қалып отыр. Көптеген құқық бұзушылар жазасыз қалуда, ал зорлық-зомбылық фактілері айтылмаған күйінде тіркелмей қалады. Ресми статистика жәбірленушілердің полицияға шағымдануына кедергі келтіретін көптеген факторлар салдарынан жағдайдың нақты сипатын көрсетпей отыр.
Сол себепті бүгін отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың тіптен жаңа жолдарын іздестіру маңызды. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек.
Облыс прокуроры атап өткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. Әрбір жазасыз қалған үй бұзақысы өзінің бойында бұдан да ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болатын жауапкершіліксіздік сезімін дамытады.
Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметттік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар.
Талқылау қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, тұрмыстық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық, сонымен қатар ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамсыздандыруды қарастыратын іс-шаралар кешенін ұсынды.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі