СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА ҚЫЗЫЛОРДАДА 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Соңғы 3 жылда Қызылорда қаласында жалпы ауданы 265 мың шаршы метрді құрайтын 3 502 пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.
Облыстық ішкі саясаттан хабарлағандай, биыл 3254 пәтерлік 67 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Бұрындары қаланың батыс бөлігіндегі «Мерей», «Ақмешіт» секілді ықшам аудандар 6-7 жылдан астам уақытта тұрғызылса, бүгінде 1-2 жылда мұндай көлемдегі ықшам аудандардың бірнешеуі бой көтеруде. Осылайша соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық отбасы немесе ол 30 мыңнан астам адам баспаналы болды.
Биыл сондай-ақ тұрғын үйлер кварталының жобасы мен сыртқы инженерлік желілерінің құрылыс жұмысына Ұлттық қордан 1,5 млрд. теңге бөлініп, 33,2 шақырым сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 7 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылуда.
Қызылорда қаласының тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 25 млрд. теңгені құрады.