ЕҢБЕК КОДЕКСІН БҰЗҒАНДАРҒА 10 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
2016 жылдың І жарытысында Қызылорда облысында Еңбек кодексін бұзған лауазымды және заңды тұлғаларға 10 млн. теңгеден астам 52 айыппұл салынды.
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Өтеп Хасанов еңбек заңнамасы, қауіпсіздігі мен оны қорғау жөніндегі талаптардың орындалу барысына тоқталды. Оның айтуынша, есепті кезеңде әртүрлі меншіктегі 200-ге тарта мекеме мен кәсіпорындар тексеріліп, осыншама заңбұзушылық анықталды. Құқық қорғау органдарына 42 іс, оның 17-сі ішкі істер органдарына, 25-і сотқа жолданды.
- Жыл басынан бері облыс әкімдігі жанындағы дағдарысқа қарсы штабтың 7 отырысы өтіп, жұмысшыларға қарыз мекемелердің жалақы берешектерін өтеуіне қатысты мәселелер қаралды. Ай сайын облыс әкімі және облыстық прокуратура тарапынан әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы жаңартылып тұрады, - деді Өтеп Хасанов.
Назерке САНИЯЗОВА