ТАЛСУАТТАҒЫ ПСИХОНЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ИНТЕРНАТ ҮЙІ КҮЗДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Қызылорда қаласының Талсуат елді мекеніндегі психоневрологиялық интернат үйі биыл күзде пайдалануға беріледі деп күтілуде.
- Осы жылдың жақсы жаңалықтарының бірі – бүгінге дейін шешімін таппай келген 300 орындық интернат үйі құрылысының басталуы. Мәселе облыс әкімінің тікелей қолдауымен оң шешімін тапты, - деді бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Марат Делмұханов.
Бүгінде басқармаға қарасты 5 арнайы әлеуметтік мекеме арқылы 2 мыңнан астам әлеуметтік осал топтарға, соның ішінде мүгедек жандарға, жалғызбасты қарттарға қызмет көрсетілуде. Сондай-ақ Қызылорда қаласында жазасын өтеп келгендер үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмысын бастады.
Назерке САНИЯЗОВА