ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕР АРЗАНДАУЫ МҮМКІН
Жыл соңына дейін екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несие беруі жиілеуі мүмкін, деп хабарлады khabar.kz.
Отандық сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Кеше Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15-тен 13 пайызға дейін төмендетті. Демек, несиелер арзандауы мүмкін. Бүгінге екінші деңгейлі банктердің 12-сі үй сатып алуға халыққа несие берсе, үшеуі ипотеканы мүлде тоқтатқан. «Қазір несие бойынша ең төмен үстем ақы – 10,4 пайыз, ал ең жоғарысы – 23 пайыз. Ипотека алу тәртібі жеңілдейді деп айту әзірге қиын. Барлығы экономикалық ахуалға байланысты болмақ», – дейді білікті қаржыгерлер. Жалпы баспана мәселесі алдағы 15 жылда толық шешілмек. Ол үшін Үкімет жаңа бағдарлама әзірлеп қойды. Енді қаладан қалаға көшетіндерге жалға арзан пәтерлер беріледі. Бірақ азаматтар оны өз атына жекешелендіре алмайды. Бұл тұрғындарды бір жерге байламай, еңбек миграциясына ықпал етуі тиіс.