БАС ПРОКУРОР БҰРЫН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН АЗАМАТТАРДЫ ЭКСПО КЕЗІНДЕ ЕРІКТІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ
Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесі мен EXPO көрмесін дайындау және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында бас прокурор Жақып Асанов ЭКСПО көрмесі кезінде бұрын құқық қорғау органдарында істеген азаматтарды ЭКСПО кезінде ерікті болуға шақырды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Тұрғындарды тарту қажет. Бұл қалай жасалады? Тәртіптің тек полицияға ғана емес, сонымен қатар, әрбір азаматқа байланысты болатынын ұғындыру, соған көз жеткізу. Кез келген дабыл маңызды. Бұл – адам өмірін сақтап қалуға, қылмысты тоқтатуға, ұрыны ұстауға мүмкіндік беруі мүмкін. Әрбір адам үшін не маңызды? Оның жеке басының қауіпсіздігі, туғандары мен жақындарының қорғалғаны, мүлкінің сақталуы мен бүтіндігі. Біз әрбір аулаға, үйге, пәтерге, КСК-ға өзінді, жақындарынды, көршілерінді криминал мен арандатудан қалай қорғау керектігі туралы жадынамалар таратуымыз керек», -дейді Ж.Асанов.
Сондай-ақ бас прокурор күш құрылымдарының бұрынғы қызметкерлерін еріктілер ретінде шақыруды ұсынды.
«Құқық қорғау жүйесінің бұрынғы қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға, әскерде қызмет еткендерге жүгінейік. Олардан қауіпсіздік жөніндегі еріктілер болуын сұрайық. Менің айтып отырғаным – үйде отыратын, бос уақыты бар азаматтар жайлы. Бұл оларға үлкен іске өз үлесін қосу сезімін сыйлайды. Сол кезде «белсенді азаматтық ұстаным» сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де іске асады», - дейді ол.
Айта кетейік, кеңес жұмысына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Астана қаласының әкімі, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволардың, елорда әкімдігінің жауапты қызметкерлері, сонымен қатар, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.