«СЫР МАРЖАНЫ» КӘСІПОРНЫНДА 370 БАС МАЛ БОРДАҚЫЛАНУДА
Қазалыдағы «Сыр маржаны» ЖШС биылдан бастап облыс тұрғындарына сапалы ет өнімдерін ұсынып келеді.
Қызылорда облыстық ішкі саясат және ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Мұнда жыл басынан бері мүйізді ірі қара малдары бордақылана бастады.
Алаңды салу жобасына 21 га жер телімі бөлініп, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 335,5 млн. теңге несие берілген. Бүгінде кәсіпорында 370 бас мал бордақылануда.
Алдағы уақытта алаң қуаттылығын 3000 басқа дейін жеткізіп, бірінші деңгейлі мал бордақылау алаңы мәртебесін алу бағытында жұмыстар жүргізілуде.