EIA 2016-2017 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ ДЕГЕН БОЛЖАМ ЖАСАДЫ
АҚШ Энергетика министрлігінің энергетикалық ақпараттар басқармасы (EIA) өзінің шілдедегі энергетикалық шолуында 2016 және 2017 жылдары Қазақстанда мұнай өндірісі артады деген болжам жасады, - деп жазады «Қазақпарат».
2016 жылғы болжам бойынша, мұнай өндіру тәулігіне 1,69 миллион баррельге дейін жетеді. Маусым айында бұл көрсеткіш тәулігіне 1,68 миллион баррель болған. 2017 жылғы болжам бойынша, мұнай өндіру тәулігіне 1,72 миллион баррельге дейін жетеді. Маусым айында ол тәулігіне 1,7 миллион баррельді құраған еді, деп хабарлады Trend.
EIA ақпаратынша, 2015 жылы Қазақстандағы мұнай өндірісі тәулігіне 1,73 миллион баррельді құрады.
EIA мәліметіне сүйенсек, 2016 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндірісі тәулігіне 1,69 миллион баррельді, екінші тоқсанда тәулігіне 1,67 миллион баррельді құрады.
2016 жылдың үшінші тоқсанында бұл көрсеткіш тәулігіне 1,7 миллион баррель, төртінші тоқсанда тәулігіне 1,68 миллион баррель деңгейінде болжанып отыр.
EIA 2017 жылы Қазақстанда мұнай өндірісі бірінші және екінші тоқсанда тәулігіне 1,68 миллион баррельді, үшінші тоқсанда тәулігіне 1,73 миллион баррельді және төртінші тоқсанда тәулігіне 1,79 миллион баррельді құрайды деп күтуде.