ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЕЛ АРАЙ» ҚОРЫ ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ТҰРҒЫНДАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРДІ
Қызылордада «Ел Арай» қоры, кәсіпкерлер, «Ажар Сити» және «Мирас» сауда үйлері тұрмысы нашар тұрғындарға көмек ретінде азық-түлік жинады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Ел Арай» қорының мүшелері ол үшін «Шын жүректен» қайырымдылық акциясын ұйымдастырған. Акция аясында сауда үйлері және шағын бизнес өкілдері жүздеген келі азық-түлік бөлген. Жиналған азық-түлік Қызылорданың әлеуметтік дүкендерінде тұрмысы төмен отбасыларға тізім бойынша таратылатын болады.
«Ел Арай» қоғамдық қоры Қызылорда қаласының әкімдігімен бірлесіп әлеуметтік дүкен ашқан болатын. Онда тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларға меценаттар мен азаматтардан келіп түскен гуманитарлық көмектер үлестіріліп тұрады. Сондай-ақ тұрғындардың мұқтаж жандарға табыс еткісі келетін киім-кешектерін әкеп салатын арнайы контейнерлер орнатылды», – дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы Руслан Қаюпов.
Аймақтағы екі ауданда әлеуметтік дүкендер бүгінгі күні өз қажеттілігін дәлелдеп отыр.
«Қайырымды жандардың көмегімен көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлікті нарық бағасынан төмендетіп сатуды ұйымдастырдық. Балалар саны жетеуден асатын отбасылар күріш, қант және басқа да азық-түлікті кәдімгі дүкендегі бағадан 50% арзан сатып ала алады. Басқа да мұқтаж отбасылар азық-түлікті 30% жеңілдікпен сатып алады», – деді Сырдария ауданындағы әлеуметтік дүкеннің меңгерушісі Мәрия Сейпулова.
Ал Қазалыдағы қайырымдылық дүкенінде ондаған отбасы маусымдық киімдермен қамтылып отыр.
«Жыл өткен сайын ауданда тұрмысы нашар отбасылардың саны азайып келеді. Қайырымдылық салауатты қоғамның көрсеткіші болып табылады. Біреулер айналасындағыларға қайырымдылық жасау арқылы өзінің азаматтық позициясын білдірсе, оның бұл ісі екінші біреудің аяққа тұруына сеп болады», – деді Қазалы ауданының әкімі Нәжмадин Шамұратов.