«СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ЖОҒАРЫ МӘН БЕРІЛГЕН»
Бұл пікірді Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліске сайланған депутат Наталья Жұмаділдаева Сырдария ауданына жалғасқан іссапарында айтты. Халық қалаулысы әлеуметтік мәселелер мен қоғамдық келісім салаларына басты назар аударып отыр.
Алдымен «Нұр Отан» партиясы филиалында аудандық мәслихаттың депуттатық фракция жиналысы өтті. Халық қалаулысы азаматтарды жеке мәселесімен қабылдады. Депутат одан соң Тереңөзектегі Достық үйінде ҮЕҰ басшылары, этнос өкілдері, облыстық ассамблеяның Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Аналар кеңесі мүшелерімен кездесті.
Наталья Жұмаділдаева Парламентте атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы Сырдария ауданының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенов «Мәңгілік Ел» идеясының мақсаты туралы сөз қозғап, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары» атты бағдарламалары қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға арналғанын айтты.