ДЕПУТАТТАР МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО-ДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылордаға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Ералиев пен Г.Шиповских мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында халықпен кездесіп, орталықтың жұмысымен танысты.
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы ХҚКО департаментінің директоры Аида Әбибуллаева қазіргі таңда мамандандырылған ХҚКО бизнес-процестерді автоматтандыру, барлық дерекқор базалары мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, жүргізуші куәлігін беру, автокөлік құралын тіркеу үшін қажетті барлық кезеңдерді бір кешеннің шегінде біріктіру нәтижесінде осы қызметтерді көрсету орташа есеппен 2 сағатқа дейін қысқартылғанын жеткізді. Азаматтардың тиісті құжатты әзірлеуге жауапты орындаушылармен тікелей байланысы жойылды. Орталықта бүнгі күні 18 қызмет түрі көрсетіледі.
Кездесу барысында қонақтар орталық жұмысына оң бағасын берді. Тұтынушы ретінде мемлекеттік қызмет түріне жүгінді.