ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 6 АЙДА ТІРКЕЛГЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САНЫ 0,5 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 9277 бірлікті құрады. 2016 жылдың маусым айында мамыр айымен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 0,5 пайызға артқаны байқалады? Деп хабарлайды облыстық статистика басқармасынан.
2016 жылғы 1 шілде айында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6914 бірлікті құрады, одан 6565 бірлік – шағын кәсіпорындар. Белсенді заңды тұлғалар – 4452 бірлік, оның ішінде шағын кәспорындар – 4105 бірлік. Ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны құрылысқа келеді, оның үлесі 18,7 пайызды, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметіне 15,8 пайызды, білім беру 11,3 пайызды құрады, осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 45,8 пайызын құрайды.