ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТҚА ТҮСКЕН ІСТЕР САНЫ КӨБЕЙГЕН
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
2016 жылдың 6 айында 15 қылмыстық іс 29 адамға түсіп, 2 қылмыстық іс 10 адамға өткен есептік мерзімнен қалдықта болған (2015 жылдың 6 айында – 8 қылмыстық іс түсіп, 5 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған).
Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердің саны 7 іске көбейгені байқалады.
Сот өндірісіне түскен істердің санаттары мынадай:
- ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) – 8 іс, (2015 ж. 6 айы – 5 іс);
- ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі (көрінеу он төрт жасқа толмаған адамды зорлау немесе оған қатысты нәсіпқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасау) – 1 іс (2015 ж. 6 айы –2 іс);
- ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен (нәсіпқұмарлық сипатындағы күш қолдану) – 2 іс (2015 ж. 6 айы – 1);
- ҚК-нің 192 бабының 4-бөлігі (қарақшылық) – 2 іс (2015 ж. 6 айы – 0);
- ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (есірткі заттарға байланысты қылмыстар) - 2 іс (2015 ж.6 айы - 2 іс).
Осы мерзімде 16 іс 36 адамға үкім қабылдау арқылы қаралған (2015 ж. – 12 іс 13 адамға).
Яғни, өткен жылдың тектес кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 6 айында қаралған істердің көрсеткіші 4 іске көбейген.
Есептік мерзімнің соңына 1 қылмыстық іс қалдыққа қалған (2015 ж. -1).
Көрсетілген мерзім ішінде 36 адам сотталды (2015 ж. - 13 адам). Сотталған 36 адамның 31-не бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды (86,1 пайыз), 4 адамға бас бостандығынан шектеу жаза қолданылды, 1 адамға қатысты ҚК-нің 63 бабы қолданып, шартты түрде сотталды.
19 сотталушыға қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу тағайындалды, 6 сотталушыға маскүнемдіктен емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды. 3 адамға педагогиқалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан, 2 адам арнаулы атағынан айырылды.
2016 жылдың 6 айында алқабилердің қатысуымен 3 адамға қатысты 1 іс айыптау үкімі қабылдау арқылы қаралды. Бұл іс бойынша бір сотталушы ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағымен (адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы адамды өлтіру) кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу деп белгіленді, қасындағы екі сотталушы ҚК-нің 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, біреуі – 4 жылға, екіншісі – 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Көрсетілген мерзім ішінде істердің қаралу мерзімі бұзылмаған.
2016 жылдың 6 айында апелляциялық тәртіппен 14 үкім 26 адамға қаралып, 1 адамға қатысты 1 үкім өзгертілді.
Кассациялық тәртіпте 1 үкім 1 адамға қаралып, өзгеріссіз қалдырылған.
Барлық істер (100 пайыз) дыбыс-бейне жазба қоңдырғысын пайдаланып қаралған.
Осы кезеңде қаралған, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша, атап айтқанда, есірткі заттарды заңсыз сақтап, сатқан; адам өлтіру; зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасаған жөнінде қылмыстық істер бойынша сот төрағасы Сүлеймен Сағатбек БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі