ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ОТЫРЫСТА «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІН БІРЛЕСІП ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 7-8 шілде күндері Мәскеуде өткен «Байқоңыр» кешені бойынша 4-ші Қазақстан-Ресей Үкіметаралық отырысына қатысты.
Қазақстан жағынан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Ресей жағынан Үкімет басшысы Д.Рогозиннің төрағалығымен өткен жиында «Байқоңыр» кешені қызметінің өзекті мәселелері, «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасының орындалу барысы, Байқоңыр қаласының , оның ішінде Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің инфрақұрылымын дамыту, кешен нысандары мен мүлкін сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы перзентхана базасында Қазақстан медициналық мекемелерін енгізу, «Байқоңыр» кешенінде туристік кластерді дамыту мәселелері де басты назарда болды.
Жалпы, Үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібінде 24 мәселе қаралса, соның 8-і Қызылорда облысы әкімдігінің бастамасымен ұсынылды.
Естеріңізде болса, Қазақстанның қаржысына 2010 жылы салынған медициналық мекемені 5 жылдан бері Ресей өз теңгеріміне қабылдамай келді. Енді ол қазақстандық мекеме санатында. Мұндай шешім Мәскеуде өткен екі елдің үкіметаралық отырысында қабылданды.
Аймақ басшысының тікелей бастамасымен екіжақты келісімнің ратификациялануын күтпей-ақ ағымдағы жылдың 11 шілдесінде перзентхана облыстық медициналық орталықтың филиалы ретінде іске қосылмақ. Жаңа медициналық мекеме Байқоңырдың халқына ғана емес, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді.
Келесі кезекте Байқоңыр кешеніндегі 14 нысанды шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, Байқоңыр қаласының тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қолдану үшін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру мәселесі талқыланды. Оның ішінде қуаты 72 мВт болатын энергопойызды ерекше атап өтуге болады. Энергопойызды пайдалануға беру өзімізде электр энергиясын өндіруге мүмкіндік ашады. Осылайша аймағымыз энергетикалық тәуелділіктен құтылып, энергетикалық жүйеде сенімділік пайда болады. Жиын барысында аталмыш мәселе оң шешімін тапты.
Бұған дейін тараптар «Байқоңыр» кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық жөніндегі ұзақ мерзімді тұжырымдаманы өңдеу позициясын келіскен болатын. Соған байланысты құрамына қазақстандық және ресейлік мемлекеттік органдардың өкілдері енген бірлескен зерттеу тобы құрылды. Астана қаласында бірнеше рет екіжақты келісім мәселелері бойынша сарапшылар кеңесі өтіп, ынтымақтастық тұжырымдамасына қатысты сұрақтар талқыланды.
Қала инфрақұрылымын дамыту, атап айтқанда, оны қаржыландыру мәселесі әлі күнге өзекті әрі өткір күйінде қалып тұр. Қала халқының саны жылдан-жылға артып келе жатқанына қарамастан қалада даму қарқыны байқалмайды.
Үкіметаралық комиссияның 4-отырысында қазақстандық тараптың мемлекеттік бюджет есебінен Байқоңыр қаласының дамуын қаржыландыруға қатысу ниеті мақұлданды. Тараптар Қазақстан жағының «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту және қолдауға қатысуы заңға сәйкес деп есептейді.
Қазақстандық тарап қаржыландыру көлемін өзі анықтайды. Байқоңыр қаласын дамыту мақсатында бөлінетін қаржының жұмсалуын Қызылорда облысының әкімдігі бақылайды.
Үкіметаралық комиссия Байқоңыр қаласының әкімшілігіне Қазақстан Республикасының бюджеті қаржысы есебінен қаланы дамыту шараларын Қызылорда облысының әкімдігімен келісімді түрде жүргізуді тапсырды. Жалпы, облыс әкімдігі көтерген мәселелер шешімін тапты.
Облыс әкімдігінің алдына қойылып отырған басты міндет бұрынғыша – Байқоңыр қаласында өмір сүруге қолайлы жағдай жасау.