ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ САЯСАТТАНУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ БЕРІЛДІ
Ғылыми атақ әр зерттеушінің кәсіби өсуіне серпін беретіні мәлім. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 2016 жылғы 7 шілдедегі «Ғылыми атақтар беру туралы» № 682 бұйрығына сәйкес, саяси ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» университетінің тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Мұрат Өрленбайұлы Насимовқа 23.00.00 – Саясаттану мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
М.Ө.Насимов Тасбөгет қалашығындағы №11 орта мектепті бітірген соң Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің Қызылорда филиалына түседі. 2003 жылы тарих және география пәндерінің мұғалімі біліктілігі берілді. 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Саяси жарнаманың Қазақстан Республикасында дамуы (саясаттанулық талдау)» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғады. 2009 жылдан бастап «Болашақ» университетінде қызмет атқарады.
Диссертация қорғағаннан кейін 82 ғылыми жұмысы жарияланды, оның ішінде: 2 монография, 3 оқу құралдары, «Скопус» базасындағы халықаралық рецензияланатын журналдардағы жарияланымдар 9 және уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 14.
Ғылыми қызметтегі жетістіктері үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақ хандығына 550 жыл» медальдарымен наградталған. Жас ғалымдарға берілетін 2013-2014 жылдардағы мемлекеттік стипендиясының және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2014» мемлекеттік грантының иегері. Сонымен бірге, «Молодой ученый» (Ресей), «Социосфера» (Ресей), «Science» (Қазақстан) және «SСI-article» (Ресей) ғылыми журналдарының редакциялық алқа мүшесі. Қызылорда облысы бойынша ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, саяси зерттеулер қауымдастығының Қызылорда филиалының директоры.
Жалпы аталмыш ғылыми атақтың сәйкестелген куәлігі берген мемлекеттің әрбір білім беру және ғылыми ұйымдарында мойындалады.