ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШТАРДЫҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД және Комитеттің «Оңтүстік өңірлік жедел – құтқару жұмыстарының қызметі» ММ (ОӨАЖҚЖ ММ) бөлімшелері күштері мен құралдарының «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырантасығыштардың аварияларына ден қоюға дайындығын тексерді.
Комитет төрағасының 2016 жылғы 19 мамырдағы №134 бұйрығымен бекітілген «Арнайы хабарламалардың, төтенше жағдайлардың орын алуы мен оның қаупі және оны жою туралы жедел ақпараттың өту регламентіне» сәйкес ағымдағы жылғы 1 шілдеде сағат 7.30-да Дағдарыс жағдайындағы басқару орталығынан Қызылорда облысы ТЖД Бірыңғай кезекші – диспетчерлік қызметі басқармасына «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз - МС» зымырантасығышы ұшырылғаны туралы хабарлама түсті.
Қызылорда облысы ТЖД бөлімшелері және «ОӨАЖҚЖ» ММ жеке құрамы «Сбор - тревога» дабылы бойынша көтеріліп, сағат 8.30- да күштер мен құралдар жоғары дайындыққа келтірілді.
Комиссия Қызылорда облысы ТЖД, «ӨСжАҚЖҚ» ММ және Комитеттің «ОӨАЖҚЖ» ММ жедел тобының «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырантасығыштардың аварияларына ден қоюға дайындығын тексерді.
Қызылорда облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен (бастығы азаматтық қорғау майоры Н.Р.Ильясов) 10 адам және 2 бірлік автотехника, Қызылорда облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен (бастығы азаматтық қорғау майоры Н.М.Бошкаев) 9 адам және 2 бірлік автотехника, Қызылорда облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 8 өрт сөндіру бөлімінен (бастығы азаматтық қорғау майоры М.Я.Жұмахметов) 6 адам және 1 бірлік автотехника тартылды.
Жауынгерлік есепте тұрған өрт – техникалық жарақтар мен өрт автотехникалары жарамды жағдайда. Тексеру кезінде жеке құрам мен автотехникалар жоғары дайындыққа келтірілді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырантасығышты ұшыру кезіндегі бөлімшенің әрекетін реттейтін құжаттар бар.
«ОӨАЖҚЖ» ММ-нен (Ембергенов Б.С.) 20 адам және 7 бірлік техника қатыстырылды.Жеке құрам, автотехника және жүзу құралдары текесур кезінде жоғары дайындыққа келтірілді. Бөлімшеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырантасығышты ұшыру кезіндегі әрекетті реттейтін құжаттар: ТЖ Комитетінің бұйрықтары, жеке құрамның қызметтік міндеттері, төтенше жағдайларды жою, авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу және зымырантасығыштардың бөлінген бөліктері құлау мүмкіндігі бар аумақтан халықты қауіпсіз жерге көшіру бойынша іс – қимыл жоспарының көшірмесі бар.
Тексеру нәтижесі бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырантасығыштың авариясы кезіндегі авариялық – құтқару және қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары кезінде азық – түлік пен жанар – жағармай қоры құрылғаны, сондай – ақ жеке қорғану құралдары қарасатырылғаны анықталды.
А. СЕРМАҒАМБЕТОВА
ТЖЖБ бас маманы
азаматтық қорғау майоры