ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР 33 ӨНІМНІҢ БАҒАЛАРЫ КӨТЕРІЛДІ
Қазіргі таңда сауда орындарына жасалған мониторинг бойынша әлеуметтік маңызы бар 33 өнімнің бағаларын жыл басындағы бағалармен салыстырғанда бағалары көтерілуде. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникация орталығында өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Бекішев хабарлады.
- Қарақұмық жармасы, құс еті, окорачка, өсімдік майы, қант және шай азық-түлік тауарларының қымбаттау себебі, өзге өңірлерден қамтамасыз етілетін болғандықтан, ал көкөніс өнімдерінің қымбаттау себебі, уақытша маусымдық жағдайларға байланысты, - деді Т.Бекішев. – Ал ұн бағасының өсуі, коммуналдық қызметтер және қажетті тауарлардың бағалары көтерілуіне сәйкес, кейбір нан өндірушілердің төмен бағаны ұстап тұруға мүмкіншіліктері болмай, наубайхана басынан 55 теңгеден, сауда дүкендерінен 60 теңгеден сатуға мәжбүр.
Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және нарықты молайту шараларын қабылдау жөнінде облыс әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылып, тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы дәл осындай жұмысшы тобының нәтижесімен негізсіз бағаны көтерген сауда орындарынан 10 млн-ға жуық қаржы айыппұл өндірілді.
Шынар БЕКБАН