ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД-ДЕ АСТАНА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС БОЛЫП ӨТТІ
2016 жылдың 5 шілдесінде Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында Астана күні мерекесіне орай салтанатты жиналыс болып өтті. Салтанатты іс-шараны Қызылорда облысы ТЖД бастығы О. Бержанов ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Астана қаласының гүлденіп келе жатқаны туралы, халықаралық және мәдени орталыққа айналуда екендігін айтты: «Біздің астанамыз – әлі жас, бірақ Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шығармашылық және табандылық жұмыстарының нәтижесі арқасында қала көркеюде. Құрылыс қарқынының жоғарылылығы мен халықтың қолдауы 18 жылда Қазақстанның даласын стилі мен бейнесі жағынан қазіргі заманның қайталанбас қаласына айналдырды...» Аталмыш іс-шараға Қызылорда облысы ТЖД, ҚР ІІМ ТЖК ведомствалық бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Астана күнінің 18 жылдығына байланысты ТЖД-нің төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың мемлекеттік саясатын дамыту мен нығайтуға үлес қосқан, қызметтік міндеттерін адал орындаған үлгілі қызметкерлерге ведомствалық марапаттар табыс етілді.
Соңында Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов барлық қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, оларға табыс, бақыт, береке, Қазақстанның гүлденуі жолында еңбек етуіне тілектестігін білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы