МҰРАТ ӘБЕНОВ «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Мұрат Әбенов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz.
51 жастағы қоғам қайраткері Қызылорда облысында туған. Екі жоғары білімі бар, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты мен Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын білім саласында бастады, Қызылорда облысы әкімінің аппаратында, мемлекеттік қызметте, ішкі саясат департаментінде жұмыс істеді. 2005 жылдың мамырынан 2007 жылдың ақпанына дейін Қызылорда облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
М.Әбенов «Нұр Отан» партиясы атынан екі рет ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды (2007 жылы 4-шақырылым және 2012 жылы 5-шақырылым). 2012-2013 жылдары ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.
2013 жылдан бастап – Қазақ-Американ универтитеті Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
2014 жылдан бастап – «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы республикалық Үйлестіру кеңесінің төрағасы.
2013-2014 жылдары Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесін басқарды.
Қазақстан Республикасы «Асық ату» федерациясының Президенті, Қазақстан гандболь федерациясының вице-президенті.

Комментарии 1