ҚЫЗЫЛОРДАҒА ҮЛКЕН СЫЙЫМДЫЛЫҚТАҒЫ 40 ЖАҢА АВТОБУС ӘКЕЛІНЕДІ
Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығының брифингінде «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің директоры Әнуар Нақып мәлімдеді.
1 шілдеден басап қоғамдық көліктерде жолақы қымбаттады. Қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменовтың айтуынша, тарифтің өзгеруіне жанар-жағармай мен жабдықтау өнімдері бағасының жоғарылауы себеп болды.
- Қазір қалада жүрген автобустардың көбі кіші сыйымдылықтағы. Басым бөлігі ескірген. Жолаушылар тасымалы сапасын жақсарту мақсатында қоғамдық көліктер қатарын негізінен үлкен сыйымдылықтағымен толықтыруға көңіл бөлініп отыр. Қызылорда облысының әкімдігі, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы келісімшартқа байланысты күні бүгінге дейін осындай 30 автобус алынды. Шілденің соңына дейін тағы 40 автобус әкелінеді деген жоспар бар, - деді автопарк директоры.
Қазіргі күні облыс орталығында 25 қалалық және қала сыртына қатынайтын 6 бағытта барлығы 840 автобус және микроавтобус екі ауысым бойынша жұмыс істеуде.