АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік іс-шараға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Т.Адранов, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары, соттар әкімшісі басшысы, соттар әкімшісі басшысының орынбасары және облыстық соттың мамандары қатысты.
Шара барысында алқа төрағасы Қ.Адранов ораза айт күнімен тұспа-тұс келген Астана күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде: «18-рет тойланғалы отырған бұл күн – еліміздің өткен өмірінен сыр шертер саяси маңызы зор тарихи мереке. Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа елордамызды әспеттеп, ұлықтау арқылы біздер еліміздің келешегі - жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңірудеміз. Астана - қазіргі заманғы, жедел қарқынмен дамып келе жатқан, іскерлік, саяси ынтымақтастық пен халықаралық туризм орталығы, тәуелсіз еліміздің айнасы», -деп атап өтіп, жүрек жарды ізгі тілектерін жеткізді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі