ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 1600-ДЕН АСТАМ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
2016 жылдың соңына дейін 1600-ден астам әскери қызметшіні баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы ауданы 120450 шаршы метрлік 1468 пәтер күрделі құрылыс арқылы тапсырылады. Астана (Қырқыншы ст.), Ақтау, Семей, Алматы қалаларында, сондай-ақ Б.Момышұлы, Сарыөзек, Арнасай кенттерінде тұратын әскери қызметшілер жаңа жеке баспанаға ие болады.
Күрделі жөндеуден кейін биыл Аягөз қаласында 80 және 60 пәтерлі екі тұрғын үй және Үшарал қаласында 19 пәтерлі жатақхана тапсырылады. Сатып алу арқылы Алматы қаласында жалпы ауданы 700 шаршы метрлік 12 пәтер пайдалануға беру жоспарлануда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің балансында 19,7 мың пәтер тұр. Баспанамен қамтамасыз етілгенге дейін әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін үстемақы төленеді. Осы мақсатта республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінеді.
Мамандандырылған жалдамалы баспана әрі қарай Қорғаныс министрлігінің жеке меншігіне сатып алына отырып, тиісті жалға алу шарты жасалып, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге ұсынылады. Осылайша, қызметтік тұрғын үй қоры толықтырылады, ал әскери қызметшілер қызмет орны бойынша лайықты баспанамен қамтамасыз етіледі.