ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІ ҰЛЫҚТАЛУДА
Биыл елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан «Еңбек күні» Қызылордада кеңінен аталып өтілуде. Бүгін даңғайыр дихан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Сыр күрішінің атасы атанған Ыбырай Жақаевтың ескерткішң орналасқан «Еңбек аллеясында» еңбек майталмандарына арналған «Әлемнің әміршісі еңбек» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.
Шара барысында қала әкімінің орынбасары Роза Боханова, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков қызылордалықтарды мерейлі мерекемен құттықтап, ел дамуына қосып жатқан үлестері үшін алғыстарын білдірді.
Шара барысында білім саласында 50 жыл еңбек өтілі бар Жәкеновтер отбасы, спортшылар жанұясы - Секиналар, Социалистік Еңбек Ері Ахмет Халықовтың еңбек жолын жалғастырушы ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері Ахметовтер отбасы, отбасының 6 бірдей мүшесі денсаулық сақтау саласында еңбек ететін Әбішевтер отбасы, коммуналдық сала қызметкер Сәкен Жонбаев, 20 жылдан бері ұста қызметін атқаратын Жұмабек Ноғайбаев қала әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.