ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ АСТАНА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматтар арасында «Астана» күні мерекесіне орай сотталған кәсіптік-техникалық колледжді бітірушілерге арналған мерекелік шара өтті.
Абақтыға түскендердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, олардың білім алуына мүмкіндік тудыру, жазалау мерзімі аяқталғанша қандай да бір мамандыққа баулудың маңызы зор. Осы себепті биыл Қызылорда политехникалық қолледжінде газэлектр дәнекерлеуші мамандығы бойынша 14 сотталған азамат және Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде ағаш ұстасы мамандығы бойынша 21 сотталған азамат диплом алды.
Шара барысында жазасын өтеуші азаматтар Астанаға арнап көркемсурет галереясын ұйымдастырып, орай ән айтып, жыр-шумақтарын арнады. Қызылорда политехникалық колледжінің директоры Бақыт Кенбаев аталған шараға шексіз ризашылығын білдіріп, «Астана» күні мерекесімен құттықтады.
А.ӘБДІРАШИТОВА,
169/5 мекемесінің мемлекеттік тілде іс жүргізушісі