«ҰЛЫ ДАЛА АЗАМАТТАРЫ» АТТЫ АВТОШЕРУДІҢ ЖАЛҒАСЫ СЫР ӨҢІРІНДЕ
Кеше «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен, «Нұр Отан» партиясымен және Қазақстанның интернационалист-жауынгерлерімен құрылған автошерудің жалғасы жоспарға сәйкес, Қызылорда қаласына табан тіреді. Бұл туралы Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі баспасөз қызметі хабарлайды.
Қаламызда орналасқан «Тағзым алаңында» жастарға патриоттық рух пен Ұлы Отан соғыс жылдарында Отан үшін от кешкен, хас батырлардың ерен еңбегін ұлықтау бағытында патриоттық шара ұйымдастырылды. Аталған шарада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахытбек Смағұл, «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі генерал – майор Марат Мәрденов және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов, Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, генерал – майор Әлімжан Ерниязов әскери жауынгерлерге арнап сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетсек, 4-12 шілде аралығында «Қазақстан қалалары бойынша автошеру өткізуді ұйымдастырған болатын. Автожарыс бағыты Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Қазалы, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Ақмола, Павлодар, Семей, Аягөз, Үшарал, Талдықорған, Сарыөзек, Қапшағай гарнизондарында өтуі тиіс.