БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛАДЫ
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды және екпінді жел болады, республиканың шығысының жекелеген аудандарында бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде тұман болады. Тек Республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз найзағай болады. Павлодар облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болады. Ақтөбе, Қостанай, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Атырау облысында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.