«СОЮЗ МС» ҒАРЫШ КЕМЕСІ ОРБИТАҒА ШЫҒЫП, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШ СТАНСАСЫНА БАҒЫТ АЛДЫ
«Союз МС" жаңа сериясының бірінші ғарыш кемесі "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыранының үшінші сатысынан бөлініп, халықаралық ғарыш стансасына бағыт алды, деп хабарлады "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
«Ғарыш кемесі тасымалдаушы-зымыраннан ажырап, орбитаға шықты және халықаралық ғарыш стансасына бет алды», - деп мәлім етті Роскосмос.
Халықаралық ғарыш стансасына ресейлік Анатолий Иванишин, американдық Кэтлин Рубенс және жапондық Такуя Ониси аттанды.
Ғарыш кемесі ХҒС ресейлік сегментіне сенбі күні Мәскеу уақытымен 07:12-де жетеді.