ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылордалық полицейлер Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында бас қосып, Астана күні мерекесін көңіл-күймен атап өтті.
Шара барысында облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов сөз алып, аталмыш мерекенің қазақ тарихында алар орны зор екендігін атап өтіп, ішкі істер органдары ардагерлерін, қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, шарада марапаттау жайлы бұйрық ресми түрде оқылып, департамент бастығының құзырымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен 114 полиция қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, ОІІД-нің Жедел жоспарлау басқармасының бастығы полиция полковнигі Ербол Құтыбаев, Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Қуанышбек Уразов, Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция подполковнигі Кемаладин Утеев, Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Маратбек Балдақов «Құрмет грамотасына» ие болды.
Шара соңында полиция қызметкерлерінің назарына «Астана күні» мерекесіне арнайы түсірілген Астананың құрылуы мен бой көтеруінен сыр шертетін хроникалық деректі фильм ұсынылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі