ҚЫЗЫЛОРДАДА 6 ҰЙЫМ 315 ЖҰМЫСШЫҒА 60,4 МЛН. ТЕҢГЕ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗ
Жұмысшыларға жалақының мерзімінде төленуі прокуратураның ұдайы бақылануына алынып, осы бағыттағы жұмысты үйлестіру мақсатында арнайы ведомствоаралық топ құрылды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 маусымдағы жағдайға сәйкес жылы облыс көлемінде жалақыдан 6 ұйымның 482 қызметкері алдында 119,6 млн. теңге жалақыдан берешегі қалыптасқан болатын. 24 маусымда облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің төрағалығымен өңірдегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен өткізілген ведомствоаралық мәжілісте әрбір уәкілетті және мүдделі органдардың құзыреттілігі шегінде жалақы өндіруге барлық шаралар алу тапсырылды. Соның нәтижесінде 1 ұйымның 360 жұмысшысының 59 млн. теңге жалақысы төленді.
Бүгінгі таңда «МИГ-21» ЖШС-нің 34 жұмысшысына 4,5 млн. теңге, «РМЗ-Шапағат» ЖШС-нің 195 жұмысшысына 35,2 млн. теңге, «Өтеміс» ЖШС-нің 22 жұмысшысына 7,2 млн. теңге, «Альянс-Доломит» ЖШС-нің 6 жұмысшысына 976 мың теңге, «Миниса-Үміт» шағын орталығының 28 жұмысшысына 5,3 млн. теңге және Жаңақорған ауданы әкімдігімен құрылған «Таза су Жанақорған» ЖШС-нің 30 жұмысшысына 7 млн. теңге жалақыдан берешек.
Қазіргі уақытта облыс бойынша 6 ұйымның 315 жұмысшысы алдындағы 60,4 млн. теңге жалақы берешегі бар. Аталған мәселе облыс прокурорының тұрақты бақылауында.