ЕЛІМІЗДЕ АУА РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ БОЛАДЫ
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Bnews.kz.
Тек республикамыздың батысында ауа райы жауын-шашынсыз.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз бұршақ ұруы мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Атырау облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.