ҚЫЗЫЛОРДАДА «БІЗДІҢ КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясы әріптестік қарым қатынастарды нығайтып, өзара ықпалдастықты арттыру жөнінде екіжақты меморандумға қол қойған болатын. Бүгінгі таңда аталған меморандум аясында аймақтық партия филиалдары да ассамблеяның жергілікті жердегі хатшылығымен бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеп, елдегі татулық пен тұрақтылықты нығайтуға арналған жұмыстарды жүзеге асыруда.
Бүгін жоспарға сәйкес «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бірлесіп, «Біздің күшіміз бірлікте!» атты акция өткізді, - деп хабарлады партия сайты.
Акцияға жасотандықтармен бірге облыстағы түрлі этономәдени орталықтардың белсенділері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысып, қаймақтай ұйыған өңірдегі ынтымақ пен бірлікті тағы бір паш етті.
Шара барысында «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Сабанбаев сөз алып, бүгінде әлемнің көптеген елдерінде болып жатқан ішкі тұрақсыздықпен саяси ахуалға тоқталды. Сондай-ақ жастар көшбасшысы еліміздегі ауызбіршілік пен халықтар достығының маңыздылығын атап өтіп, берекенің бастауы - бірлік пен қоғамдық келісімді қалыптастырудың өзегі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бірліктің қозғаушы күшіне айналғандығын тілге тиек етті.