ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 6 600 АДАМ ЖЕР ТЕЛІМІНЕ ИЕ БОЛДЫ
Бүгін Қызылордада инженерлік инфрақұрылымы толық жеткізілген, аумағы 980 гектарды құрайтын жаңа "Бәйтерек" ауданы дүниеге келді. Жеке тұрғын үй салу үшін 6600 азаматқа жер телімі берілді. Астана күні қарсаңында өткен ауқымды шараға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысты.
Жаңа ықшам ауданда 25 киіз үй тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар тұрмысы төмен 200 отбасыға жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен азық-түлік тапатылды. Сонымен қатар осы күні қаланың Жаппасбай батыр көшесінде 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы қаланды. Бұл апаттық жағдайдағы үйлерде тұратын тұрғындарға табысталатын үй болмақ. Осылайша аппаттық жағдайдағы үйлер тұрғындарының мәселесі келесі жылы толығымен шешімін табады. Бүгін және «Титов» қыстағында 60 жас отбасына жаңа пәтердің кілтін берілді.
Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан Қырымбек Көшербаев: «Баспаналы болу, оның ішін жанға толтыру – адам өмірінің үлкен қуанышы. Соңғы 3 жылда тек қана Қызылорда қаласында 82 көпқабатты үй тұрғызылып, 3502 тұрғынға пәтер кілті табысталды. Бұл – жылдар бойы жеке баспана күткен, асыл армандарына жетіп, қоныс тойын тойлаған отбасылардың саны. Биылдың өзінде, бұйырса, 44 мыңнан аса пәтер болатын 67 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бітіреміз», - деді.
Ал «Бәйтерек» ауданына болашақта орта есеппен 36 мыңнан аса жуық тұрғын қоныстанады деп күтілуде. Айта кетейік, Қызылорда қаласында жерге кезекте тұрған 49 мың тұрғынның бір мезетте 6 мың 600-не жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін табыстау аймақ, қала тарихында бұрын-соңды болған емес.