ДЕПУТАТТАР ҚЫЗЫЛОРДАДА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл және Балайым Кесебаева Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапарында партияның жергілікті өкілдерімен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарда болды, - деп жазады партия сайты.
Жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес, мәжілісмендер алдымен Қызылорда қаласы «Титов» м/а орналасқан «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы аясында «Өндіріс» индустриялық аймағында» электр жабдықтау құрылысымен танысты. Жоба құрылысына 2016 жылға 610628 млн. теңге қаржы бөлінген. Қазіргі кезеңде қуаттылығы 35/10кв болатын трансформаторлық қосалқы станция 18388 кв.м көлемді алып жатыр.
«Бүгінгі күнге бөлінген 610628 млн. теңге қаржыдан 72,1 млн. теңгесін игеру мамыр айынан бастап жүргізілген. Қазіргі таңда қаржы игерілу жұмысы 100 пайызды құрайды. Жоба 98 пайызға орындалып отыр»- дейді мамандар. Құрылыстың бас мердігері «Тех-Сервис Қызылорда» ЖШС.
Аталмыш топ бұдан соң бағдарлама аясында салынып жатқан 280 балаға арналған балабақшаға барды. Балабақша құрылысының жалпы құны – 525324 мың теңге.
Қазір құрылыстың 80 пайызы бітіп тұр. Қаралған қаражат аздық етеді. Себебі, сметалық құжатта көрсетілген құрылыс заттарының бағасы қазіргімен салыстырғанда өте төмен. Қосымша қаражаттарды салу арқылы жұмысты уақтылы жүзеге асырудамыз. 24 тамызға дейін балабақша пайдалануға беріледі, – дейді мердігер мекеменің өкілі М.Еспенбетов.
Мәжіліс депутаттары мектепке дейінгі тәрбие беру ошағының жұмысын жоғары бағалады. Сонан соң халық қалаулылары «Сәулет» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Мұнда бесқабатты 7 үй салынып жатыр. Әрбір тұрғын үйде екі бөлмелі 40 және үш бөлмелі 10 пәтерден орналасқан. Құрылыс жобасының жалпы құны – 103666 мың теңге, оның 93300 мың теңгесі Ұлттық қордан, 10366 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Тұрғын үй құрылысын мердігер компания кестеге сәйкес жүргізуде.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандары жұмысымен танысқан халық қалаулылары мердігерлерге әрбір тиынның мақсатты жұмсалуы мен құрылыс сапасының талапқа сай болуын қатаң ескертіп, өз ұсыныстары жеткізді. Мәселен, «Сәулет» мөлтек ауданындағы тұрғын үй құрылысымен танысқан Балайым Туғанбайқызы «Тұрғын алаңындағы жаяу жүргіншілер жолының тарлығы, балалар ойын алаңдарында тұратын ойын құралдарын балалар қауіпсіздігі үшін темірден емес, заманауи пластик материалдардан жасау керек»- деген ұсыныстарын айтты.