ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОСЫ АПТАДА ҮШ КҮН ДЕМАЛАДЫ
Осы аптада қазақстандықтар сенбі мен жексенбіге қосып тағы бір күн демалады. Сәрсенбі күні, яғни 6 шілде күні еліміз мемлекеттік мереке болып саналатын Астана күнін тойлайды. Сондықтан «ҚР мерекелерері» туралы Заңға сәйкес мемлекеттік және ұлттық мереке болып саналатын күндері демалыс болады. Осыған орай, осы аптада қазақстандықтар тек төрт күн жұмыс істейді.