КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық прокуратурасында заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Оған консультативтік кеңестің мүшелері, құқық қорғау органының қызметкерлері, орта және шағын бизнес, БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес барысында алаяқтық қылмыстардың орын алу себептерін, оларды алдын алу және күресу шаралары, мал ұрлығымен күресуде атқарылған алдын алу жұмыстары мен бұл санаттағы қылмыстарды ашу және іс тергеуде заңдылықтың сақталуы мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар кәсіпкерлерге «Бизнес тірегі» және тексерістер субъектілер мен объектілер бірыңғай тізілімі жобалары ұсынылды. Алаяқтық қылмысы – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болуда. Нақтыласақ, 2016 жылы облыс аумағында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген 414 алаяқтық қылмыс тіркеліп (қылмыстық іс қозғалып), оны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 156 немесе 27,4 %-ға төмендеген.
Негізінен, облыс көлемінде пәтер, жер алып беруге қатысты алаяқтық қылмыстардың барлығы Қызылорда қаласында орын алуда. Оның бірден бір себебі соңғы жылы облыс орталығы Қызылорда қаласында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан үйлердің көбейгені және қала төңірегендегі жерлерге сұраныстың жоғары болуында. Мәселен, қала көлемінде жерге 48 000 адам және пәтерге 19 121 адам кезектілікте тұр.
Алаяқтар кез келген жағдайды тиімді пайдаланып, оның ішінде жер мен пәтерге сұраныстың жоғары болуына байланысты осы жерде туындаған қатынастардың төңірегенде алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыруда. Мысалы, азаматша Ж.П 2014 жылдың қыркүйек айында жәбірленушілер азамат Е.У-тың және азаматша З.Ж-ның қызының тұрғын үйге кезектерін жылжытып беремін деп З.Ж-дан 200000 теңге және Е.У-тан 250000 теңге ақшаларын алдап алған.
Екінші мәселеде, ауыл тұрғындарының жалғыс табыс көзі мал болғандықтан, оларды қылмыстық қол сұғудан қорғау аса маңызды. Сондықтан, облыстық прокуратурамен мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, мал ұрлығына қарсы іс-қимылының Жол картасы әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді.
Жасалған жобаның мақсаты - мал ұрлығы қылмыстың деңгейін төмендетуге қол жеткізу.
Қылмыстылықпен күрес, ол тек ішкі істер органдарының міндеті болып табылмайды. «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарына құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану жүктелген.
Қылмыстың бұл түрімен күрес жағдайы облыстық прокуратураның ұдайы назарында болып, мал ұрлығына қарсы іс-қимыл Жол картасын іске асыру жөніндегі Жоспар бойынша мемлекеттік органдармен атқарылған жұмыстардың толықтығы, сапасы он күн сайын тексеріліп отыратын болады.
Сонымен қатар кәсібін нәсібіне айналдырып отырған кәсіпкерлерді заңсыз және негізсіз тексерулерден қорғау, оларға қолдау көрсету мақсатында Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыс бойынша басқармасымен жобалар ұсынылды.
Отырыс нәтижесімен хаттамалық шешім қабылданып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында ұсыныстар берілсе, тұрғындарды алаяқтардан, мал ұрлығынан сақтау үшін түсіндірме жұмыстарын күшейтуді атап өтті.