АЗИЗ МҰСАБЕКОВ – «ТАБЫС КЕПІЛІ» АКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
«БанкЦентрКредит» АҚ Қызылорда филиалының аға несие офицеры Азиз Мұсабеков «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырған «Табыс кепілі» акциясының жеңімпазы атанды.
Мерекелік құттықтау кеше Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтті. Азиз Мұсабековке жеңімпаз дипломын және бағалы сыйлық ретінде «iPad AIR» планшетін «Даму» Қоры АҚ-ның Кепілдендіру департаментінің директоры Нұрлан Ақшанов табыстады. Сонымен қатар жеңімпазға Даму Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал директоры Жансұлтан Матаев өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың атынан Алғыс хат табыстады.
Еске сала кетсек, 2014 жылдың басында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кепілдендіру құралдарын қарқынды дамыту бағытында «Табыс кепілі» атты акцияның іске қосылғанын жариялады. Акция аясында екінші деңгейлі банктер басшылары және ШОБ несие менеджерлерінің соңғы үлгідегі планшет және жаңа заманғы смартфондарға ие болу, сондай-ақ шетелге семинарға жолдама алуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін несие менеджерлері ағымдағы жылдың 01 тамызына дейін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының кепілдігімен 7-ден несие беруі тиіс болатын.
Акция іске қосылған уақыттан бері Азиз Мұсабеков еліміздің барлық ЕДБ қызметкерлері арасында ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, 8 шағын және орта бизнес жобаларына несие берді. Осы көрсеткішке сай ол - «Табыс кепілі» акциясының жеңімпазы атанды. Нәтижелі жұмысының арқасында Азиз Қызылорда облысын және Центр Кредит Банкін Республика бойынша үздіктер сатысына шығарды.
Атап өтсек, «БанкЦентрКредит» АҚ елімздегі екінші деңгейлі банктер арасында ең алғашқы болып, ынталы тарап ретінде «Даму КДҚ» АҚ-мен бірлесіп, бастауыш кәсіпкерлерге бизнес ашуға таптырмас мүмкіндіктер ұсынатын «Даму StartUp» несие бағдарламасын жүзеге асыруды бастаған болатын. Аталған бағдарлама аясында бастауыш кәсіпкерлер «Даму» Қорының 70% кепілдігі арқылы және тұрақты кепілзатсыз өз жобасының 36%-на тең ақшалай капиталды жинау арқылы несие алуына болады.
ШОБ-ті несиелендіру саласында банктегі қызмет жолын 2009 жылы бастаған Азиз Мұсабековке, кепілдендіру құралымен жұмыс жасау оған оңайға соқпайды, себебі жоба бойынша 3 жақты құжаттама жасау қажет: банкке, Қорға және Аймақтық үйлестіру кеңесіне. Алайда Азиз барлық жұмыс барысындағы қиындықтардан өтіп, басшылықтың және қызметтестері мен Даму Қорының қолдауы арқасында одан әрі үздіктер қатарынан көрінуге тырысатынын жеткізді.