СУИЦИД ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ базасында жасақ құтқарушыларына «Суицид және оның алдын алу жолдары» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
Оған облыстық психоневрологиялық ауруханасының дәрігер-психиатры Мұрат Маратұлы және салауатты өмір салты орталығының психологы Сабитов Нұртас қызметкерлері қатысты. Семинардың алғашқы бастамасын медицина – психологиялық қызметінің бас құтқарушы – психолог Жанар Бегманова өз - өзіне қол жұмсаудың сипаты, статистика бойынша олардың санын атап, слайд арқылы суицидтің түрлері мен себеп салдары жөнінде түсінік берді.
Семинар барысында «Суицид және оның алдын алу жолдары» тақырыбы бойынша өзекті мәселелер талқыланды, осы іс – шарада құтқарушыларға тақырыптық дәрістер оқылып, өз - өзіне қол салудың алдын алу бойынша үнпарақтар таратылып, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар «Агрессия» тақырыбы бойынша тренинг өткізді.
Келесі сөз кезегі облыстық психоневрологиялық ауруханасының дәрігер-психиатры Мұрат Маратұлы слайд арқылы өз баяндамасын ауызша түсіндіріп келе, өз - өзіне қол жұмсаудың түрлері, этаптары, осындай жағдайлар бейім болған адамдарға көмек көрсету жолдарын таныстырды.
Қорытынды жаса келе жасақ құтқарушылары семинарға қатысқан қонақтар өз ризашылықтарын білдірді.
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ