БИЗНЕСТІҢ ДАМУ БАРЫСЫН БАҒДАРЛАДЫ
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша айматық филиалы «БЖК2020» Бағдарламасы аясында қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырды. Кәсіпорындарды аралау мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатысушы Қармақшы ауданының компанияларынан басталды, - деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
Бүгінде мемлекет тарапынан ауылдық жердегі шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осыған жаңа кәсіпкерлік нысандарының бой көтеруі дәлел бола алады. Мемлекеттік қолдау аясында ашылған бизнес нышандарының бірі жеке кәсіпкер Әсемкүл Сержанованың жобалары. Ең алғашқылардың бірі болып мемлекеттік бағдарлама аясында 2005 жылы кәсіпкер тәтті өнімдер шығаратын цехын кеңейтуге «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ 4,5 млн.теңге несие рәсімдеді. Кәсіпорын 20 түрлі нан және кондитерлік өнімдердің түрлерін пісіріп, халыққа ұсынып отыр. Үстіміздегі жылы Әсемкүл Сержанова бизнесін әртараптандыру мақсатында «БанкЦентрКредит» АҚ 16% үстемемен 10 млн.теңге несие рәсімдеді, қазіргі таңда оның пайыздық үстемесінің 10%-ы мемлекет тарапынан субсидиялануда. Несие қаражатына ауылдық кәсіпкер сән салоны мен супермаркет орналасқан жаңа сауда үйін ашып, нан өнімдерін тасымалдауға қажетті автокөлік те сатып алды. ЖК «Сержанова А.» қазіргі таңда 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Келесі бағыт жеке кәсіпкер Күлән Омарова ашқан шағын наубайхананың жұмысымен танысуға ұласты. Жыл басында кәсіпкер Қазақстан Халық Банкінен 4 млн.теңге несие алып, цехқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. «БЖК2020» бағдарламасы аясында ЖК «К.Умарова» рәсімдеген несиенің пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады, атап айтқанда 15,5% үстеменің 10% мемлекет өтейді, ал кәсіпкер тек 5,5% ғана несие төлеп отыр.
- Бизнеспен айналысқаныма 20 жылға жуықтады, басында саудамен айналысып, мейрамхана саласында кәсіп жасадым. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін пайдалана отырып, өз өндірісімді іске қосуды қолға алдым. Қазір менің шағын наубайханамда 4 адам жұмыс жасап, уақытында жалақы алып отыр. Әзірге 10 түрлі нан өнімдерін шығарудамыз және алдағы уақытта өнім көлемін көбейту мен жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы бизнесті кеңейтуді жоспарлаудамын,- деп өз ойымен бөлісті жеке кәсіпкер Күлән Омарова.
БАҚ өкілдері сондай-ақ «Ай-Диас» балабақшасына барды. Аталған орталық Төретам кентінде мемлекеттік қолдаумен ашылған алғашқы мектепке дейінгі оқыту мекемесі болып отыр. ЖШС «Ай-Диас» директоры Айнұр Бермағанбетова өз жобасын жүзеге асыру мақсатында «Даму» Қоры тарапынан несие сомасының жартысына кепілдендіру берілуі көмегімен Қазақстан Халық Банкіне 24 млн.теңге несиеге қол жеткізді. Кәсіпкерге несиесін қайтаруға мемлекеттік субсидия көмек көрсетуде. 14% несиенің үстемесінен 10% мемлекет өтейді, ал кәсіпкердің төлейтін мөлшері бар болғаны 4%. «Ай-Диас» балабақшасы соңғы үлгідегі жиһаз-құралдармен, ыңғайлы топтар және музыка, дене шынықтыру секілді сабақтар өткізетін сыныптармен жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда мектепке дейінгі мекеме барлық талаптар мен стандарттарға сай келеді. Жобаның жүзеге асуы аясында жаңадан 25 жұмыс орны ашылды. Ескерте кетсек, жақын арада Айнұр Бермағанбетова «БЖК2020» бағдарламасының «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» компоненті аясында «Назарбаев Университеті» ДБҰ базасында оқудан өтті. Отандық және шетелдік бизнес-тренерлерден сабақ алған кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында тағы бір жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
БАҚ өкілдері танысқан соңғы нысан Қармақшы ауданының Ақай ауылында орналасқан алғашқы балалардың ойын-сауық орталығы болды. Жобаның инициаторы ЖК «Ниязбаев Серік». Құрамына ойын-сауық пен танымдық элементтерді біріктірген орталық жыл бойы жұмыс жасайды. Осында аттракциондардың сан алуан түрлері (балалар әткеншегі, пластик үйлер, балалар сарайы, үрлемелі батуттар, балалар лабиринті, бронды кеудешемен жақыннан атысу кабинасы, машиналар, электромобильдер, балалар паровозы және тағы басқа), 7D форматындағы мини-кинотеатр, ең кіші келушілерге арналған бөбектер аймағы, «танымдық асханасы» бар отбасылық кафе және тағы басқалары орналасқан. Балаларға арналған мәдени, ойын-сауық орталығы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қолдауымен ашылды.
- Өзімнің бизнес – идеямды жүзеге асыру үшін «БанкЦентрКредит» АҚ 18 млн.теңге көлемінде несие рәсімдедім. Даму Қорының жобамды 70% кепілдендіруі арқасында несие алуға қажетті кепілдеменің едәуір бөлігін қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, субсидиялау түріндегі қолдауға да ие болдым, мемлекет несие пайызының жартысын өтеп беруде. Біздің қойған бағамыз отбасылық демалысқа өте тиімді, әрі қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп тұрамыз, - дейді жеке кәсіпкер Серік Ниязбаев.
Бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бастап, Қызылорда облысында Қор тарапынан 330 жобаны субсидиялау келісім шартына қол қойылған, несие портфелінің көлемі – 29,01 млрд. теңгені құрады, барлығы Қызылорда облысының жобаларына бағдарлама аясында төленген субсидия мөлшері – 2.7 млрд. теңге.
107 жобаға «Даму» Қорының жалпы сомасы 1,6 млрд. теңге болатын кепілдендіруі берліген, несие портфелі 3,3 млрд. теңгені құрайды.
«Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлерге бизнесті жүргізулері бағытында барлығы 2 889 түрлі қызметтер көрсетілді.