ҚЫЗЫЛОРДАДА АСТАНА КҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МЫҢДАҒАН ОТБАСЫ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН АЛМАҚ
Қызылордада шілдеде қаламыздың жаңа мөлтек ауданынан тұрғын үй салуға жер телімдері бөліне бастайды.
«Астана күніне тұспа-тұс келген бұл жаңалық мыңдаған отбасына жақсы көңіл сыйламақ, - деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаламгерлермен кездесуінде. – Мереке қарсаңында Жезқазған-Қызылорда трассасы бойынан бөлінген жаңа мөлтек ауданынан жеке тұрғын үй үшін жер телімдері бөлінбек. Бұл ауданның барлық әлеуметтік инфрукструктуралары дамытылады».
Қызылорда қаласы әкімдігінің хабарлауынша, мердігерлер бүгінде 900 га жер телімін тегістеп жатыр. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен жарық, газ, су құбырларын тартады. Жер телімін бермей тұрып инфраструктуралық желісін жүргізіп беруді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тапсырған болатын.
«Бұған дейін алдымен жер алып, үй салып, содан кейін ғана билікке жарық, газ және су мен жол сұрап баратын, - деді әкім жуырда Қызылорда өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте. – Ал бұдан кейін мұндай жағдай қайталанбас үшін алдымен инфраструктурасын жүргізіп, сонан кейін тұрғындарға жер телімдері берілуі тиіс».
Негізінде жаңа мөлтек ауданда 5,5 мың адамға үлестірілмек. Бұл бүгінде тұрғын үйге кезекке тұрған басқа да қызылордалықтардың кезегінің алдыға жылжуына септігін тигізбек.
Шынар БЕКБАН