ИХТИОЗҒА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАНЫҢ ДЕНЕСІН ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЙТА ЖАРА БАСЫП КЕТТІ
Ихтиоз дертіне шалдыққан қызылордалық Жасұлан Қорғанбек Қызылордаға келіп, денесін қайтадан жара басып кетті. Израильде ем алып, ағзасының 70 пайызы жақсарған бала экологиялық ахуалы нашар туған жеріне киім-кешектерін алып кетуге келген екен.
Енді ол Алматыға толығымен қоныс аудармақ. Бірақ баспана жоқтығы Қорғанбектер отбасына қолбайлау болып отыр. Шетелде емін жалғастыруға да біраз қаражат керек.
Жасұлан алдағы күндері анасымен кезекті медициналық тексеру үшін Израильге сапарлайды. Шетелден сондай-ақ, қажетті дәрі-дәрмектер де ала келмек. Осы ретте, отбасы мүшелерін қаржының жетіспеушілігі алаңдатып отыр. Екінші еміне 700 мың теңгедей ақша керек. Ұлбибі анасының жомарт жандардың табылатынына үміті зор.