МЕКТЕП МЕДИЦИНАСЫ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАРАМАҒЫНА ӨТЕДІ
Балалар арасында аурулардың алдын алу мақсатында мектеп медицинасы білім беру саласынан денсаулық сақтау саласына өтеді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға халықпен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бүгін мектеп медицинасын білім беру саласынан денсаулық сақтау саласына тапсыру жөнінде заң жобасын дайындадық. Мектеп медицинасын тапсырып қана қоймай, оның қызметін өзгертеміз. Мектептерде балаларды тіркеуге алу, профилактикалық тексерулер өткізу, динамикалық қадағалау және психологиялық көмек көрсету жағы ескеріледі. Бұл бағыттар оқушылардың оқуын, жазғы каникул кезінде денсаулығын жақсартып, балалар арасында сырқаттардың азаюына ықпал етуі тиіс», – деді Тамара Дүйсенова.
Министрдің айтуынша, биылғы қаңтар-наурыз айларында 2,5 млн оқушы немесе жалпы санның 97,9%-ы профилактикалық тексеруден өткен. 305,8 мың немесе 11,4% оқушы алғаш рет анықталып отырған ауруларына байланысты диспансерлік есепке алыныпты.