БҮГІН РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, елдің солтүстігінде және шығысында кей жерлерде тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшеюі күтіледі. Тек республикамыздың батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын- шашынсыз болады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қостанай, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Алматы облысында, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.